Мұғалім тапсырмаларды, жауаптарымен QR-кодқа салып күрделігіне қарай балл қойып шығуы тиіс.
•••
Жасалған тапсырмалардың жауаптарын алып тастап, қағазға шығарып (проекторға шығарып қойып, дәптерге орындатуға болады) оқушыға орындатуы керек.
•••
Оқушы тапсырманы орындап болған соң, мұғалімдегі QR-кодты сканерлеуге барады. QR-кодтағы дұрыс жауаптармен, өзінің орындаған тапсырмасын тексереді және оқушы қанша балл жинағанын мұғалімге хабарлауы тиіс.
Үлгі eneasy әдісі арқылы, мұғалім қол жеткізетін нәтиже!
• Мұғалім барлық оқушының тапсырмасын тексеріп, уақыт жоғалтпайды.
• QR код арқылы барлық оқушыны, бірден бағалай алады.
• Оқушының өзін - өзі бағалауына қол жеткізеді. Уақыт үнемдейді
•••
Мынаны есте ұстаңыз!
1. Оқушы берілген тапсырманы орындағанына көз жеткізбей, QR кодты сканерлеуге бермеңіз.
2. QR-кодты тақтаға іліп қоймаңыз.
3. Қалта телефонын тек тапсырманы орындап болған оқушыға, QR кодты сканерлеп, тапсырмасын тексеру үшін рұқсат етіңіз.