Натрий

Натрий(Natrіum), Na – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нейтрондары 11, атомдық моллекулласы 22,98977; сілтілік металдарға жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы (23Na) бар. Натрий-ды алғаш 1807 жылы ағылшын химигі Г.Дэви (1778 – 1829) күйдіргіш натрийды (NaOH) электролиздеу арқылы бөліп алған. Жер қыртысындағы орташа массалық мөлшері 2,64%. Маңызды минералдары: галит (тас тұзы) – NaCl, мирабилит (глаубер тұзы) – Na2SO4•10H2O, чили селитрасы – NaNO3, криолит – Na3AlF6, трона – NaHCO3•Na2CO3•2H2O. Натрий жұмсақ, күмістей ақ металл, тығыздығы 0,968 г/см3, балқу - 97,83oС, қайнау - 882,9oС. Тотығу дәрежесі +1. Қатты Натрий ауада тез тотығады, сұйық күйінде тұтанады. Сумен өте күшті, оттек, фтор, хлор, күкіртпен белсенді, 200oС-та сутекпен, 800 – 900oС-та көміртекпен әрекеттеседі. Натрий-ды парафин мен трансформатор май қоспасында, ылғал және оттектен тазартылған бензин немесе керосинде, аргон немесе азот атмосферасында, сондай-ақ, дәнекерленген шыны ампулада сақтайды. Натрий хлоридіне CaCl2, BaCl2, т.б. қосылған немесе натрий гидроксидіне Na2CO3 қосылған (қоспалар NaCl-дың балқу температурасын төмендету үшін қосылады) балқымаларды электролиздеу арқылы алады. Натрий Na2O2, натрийорганикалық қосылыстар, NaH алуда, Tі, Zr, Ta өндірісінде тотықсыздандырғыш, бутадиенді каучук синтезінде катализатор ретінде, ядролық реакторларда, т.б. қолданылады.