HTML тілінде веб парақтар құру
Жалпы түсінік
HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды.
HTML тілі (гипермәтінді бөлу тілі) Internet желісіне жіберілетін web-беттерді құру үшін қолданылады.
HTML тілінің негізін жұпты немесе жұп емес тегтер құрайды.
Мысалы: Жұпты тегтерге: html мен /html, body мен /body т/б (Барлық тегтер < > қоршалады)
Жұпсыз тегтерге: br, hr т/б (Барлық тегтер < > қоршалады)
1. Html тегі web-бетті ашады, /Html тегі web-бетті жабады. Барлық басқа тегтер осы тегтердің арасында орналасады.
2. Head мен /Head тегтерінің ішінде Title и /Title тегтері жазылады. Олар web-беттің ішкі атауының мәтінін құру үшін қызмет етеді. /Title тегінен кейін әртүрлі тағайындаулары бар мета командалар орналасады.
3. Body мен /Body - бұл тегтер /Head тегінен кейін жазылады. Осы тегтердің арасына Internet-ке жіберілетін ақпаратты орналастырады.
4. Hn мен /Hn - бұл тегтер атаудың стилі мен өлшемін орнатады әрі n 1-ден 6-ға дейін өзгереді. Н1 – ең үлкен өлшем.
5. p /p - Тест жазуға арналған жұпты тег.
6. b /b - Қарайтылған қаріп