Массив

Массив – Бір типті элементтер жиыны.
Бір өлшемді массив – Python тілінде арнайы «массив» деген тип жоқ, элементтер жиынымен жұмыс істеу үшін тізімдер қолданылады.
Массивті экранған шығару:
b=[2,23,45,66,12,4,9,3,7,14]
print(b)
жауабы: [2,23,45,66,12,4,9,3,7,14]
Бірінші индекстегі элементті шығару:
names = ['Erik', 'Serik', 'Berik', 'Timur']
print(names[1])
Жауабы: Serik
Массивтерді жаңарту:
names = ['Erik', 'Serik', 'Berik', 'Timur']
print(names[1])
names[2]= 'Saule' #екінші элементке адам есімін ауыстыру
print(names)
жауабы:
Serik
['Erik', 'Serik', 'Saule', 'Timur']
Массивке элемент қосу:
names = ['Erik', 'Serik', 'Berik', 'Timur']
names.append('Arsen') # append командасы арқылы соңғы элементке адам есімін қосу
print(names)
жауабы: ['Erik', 'Serik', 'Berik', 'Timur', 'Arsen']
Массив элементтерін алып тастау
a=[1,2,3,4]
a.remove(2) # remove командасы арқылы массив элементін алып тастау
print(a);
жауабы: [1, 3, 4]
Массив элементтерін sort командасы арқылы ретімен сұрыптау
a=[4,2,1,3]
a.sort()
print(a);
жауабы: [1,2, 3,4]
Сандар генераторы
Python тілінде кездейсоқ сандар генераторын қолдану үшін random модулін қосамыз:
a=[random.randint(5,50)for i in range(3)]
#5 пен 50 аралығындағы кез – келген 3 санды шығару
Print (a)
Жауабы:
[12, 18, 40]