Пиксель (Pixel) — дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.
Әдетте, бұл жалғыз көп түсті нүкте. Бейнесызбалық объектілерді бейнелеу үшін қолданылады. Мысалы, дисплей бетіндегі әрбір әріп бірнеше нүктеден тұрады. Осы нүктелер бейне элементтері болып табылады. Әрбір құрастырылатын қатар осындай бірнеше пиксельден тұрады. Пиксельдің көрсетілуі немесе көрсетілмеуі бейнежадтың тиісті разрядының қалып-күйіне байланысты.
«Пиксель» ұғымын ең алғаш рет 1965 жылы Фредерик С.Биллингсли жариялаған. Бұл сөз бейнелер мен элементтерге арналған пикстердің үйлесімін білдіреді. 1932 жылы Variety журналының атауында «пикс» ұғымы фильмдерге қатысты мәтіндік бейнелердің аббревиатурасы ретінде қолданыс тапқан. Ал 1938 жылдан бастап «пикс» жылжымайтын бейнелерге қатысты жұмсалып келеді. Кейбір авторлардың түсіндіруінде пиксель жасуша бейнесі ретінде ұғынылса, 1972 жылы графикада, бейнелер мен бейнежазбаларды өңдеуде жиі қолданылды.
Сандық суреттің үлкейтілуі