Python тілінің әліпбиі

Программалау тілінің синтаксисі - программа жазу барысында сақталуға тиісті тіл ережелерінің жиынтығы.
#(тор) символы программаға түсініктеме (комментарий) беру үшін қолданылады, бірақ транслятор оны аудармайды.
Транслятор - (ағылш. translator - аудармашы) берілген программалау тіліндегі программалау кодын машиналық кодқа түрлендіретін арнайы программа.
Айнымалылар - программаның орындалуы барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамалар. Айнымалылар программадағы ақпараттың орналасу орнын анықтау үшін қолданылады. Мысалы:
● а = 7 (мұндағы а - айнымалының аты, 7 - айнымалының мәні)
● my4_python = "Hello world" (мұндағы my4_python - айнымалының аты, Hello world - айнымалының мәні)
int() - функциясының мәні бүтін санға түрлендіреді.
input() - пернетақтадан деректерді енгізу
print() - мәліметтерді экранға шығару
Мысал
a = int(input('a-ны енгіз'))
b = int(input('b-ны енгіз'))
print('қосынды' ,a + b)
жауабы:
a-ны енгіз 8
b-ны енгіз 5
қосынды 13