Регистр
Өңделетін немесе басқарушы ақпараттарды сақтауға арналған, 32 биттен тұратын процессордың, шапшаң істейтін жадтың шағын бөлігі;
Eсептеу құрылғысының бір санды немесе сөзді уақытша сақтауға арналған шағын көлемді жад блогы;
Процессордағы аса шапшаң әрекетті жадтың құрылғысы немесе операндтармен жөне микросхемамен орындалатын нәтижені уақытша сақтауға арналған аса үлкен интегралдық схема; процессорларда — командалар мен мәліметтерді аралық сақтауға арналған разрядтығы әртүрлі арнайы ұяшықтар (registr). Дербес компьютерде программалау кезінде регистрлер тек Ассемблер тілінде немесе "төменгі" деңгейлі тілде жұмыс істейтін программалаушыларға ғана қолайлы болады;
Алфавиттік-цифрлық ақпараты теру және өңдеу кезінде төменгі регистр (lower — case) кіші әріптерге, ал жоғарғы регистр (upper — case) бас әріптерге сәйкес келеді.