Тармақталған алгаритм (Python)
Сөздік
егер - if
әйтпесе -else
Тармақталған алгоритм- орындалуы керек қадам белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты жүзеге асырылатын алгоритм.
Тармақталған алгоритмде «егер», «онда», «әйтпесе» түйінді сөздері қолданылады. Бұл алгоритмде міндетті түрде шарт қолданылады.
Шарт дегеніміз- тексеру нәтижесінде «иә» (ақиқат) немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек
Питондағы салыстыру таңбалары
< кіші
<= кіші немесе тең
> үлкен
>= үлкен немесе тең
== тең
!= тең емес
Блок сызба
1-мысал
a
саны берілген. Егер
a
саны берілген шартты қанағаттандырса, онда
a
санын 15-ке арттыру керек
>>> a = 2
>>> if a < 5:
(Tab⇔) a = a + 15
>>> print (a)
Жауабы: 17