Спам

Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.
Спамды кім, қайдан жібереді?

Спаммерлер (спам жіберушілер) э-пошта адресіңізді Интернеттен адрес жинайтын програмалар арқылы жинап алып, өзінің базасына сақтап қояды да, керекті кезінде қолданады. Тіпті адамдардың жеке мәліметін де жинап алып, басқа компанияларға сататын ұйымдар болады. Олардың көбі э-пошта адресіңізді @ симболы арқылы білетіндіктен, көпшілік оқи алатын сайттарға адресіңізді жазудан абай болыңыз, немесе басқаша тәсіл қолданыңыз. Мысалы сурет арқылы бейнелеу немесе @ орнына “at”, “ит”, “собачка” сияқты сөздер қолдануға болады.
Компаниялрдың табыс көзі спам хаттар арқылы жарнама тарату болғандықтан спам азаймайды, керісінше көбейіп келеді.