Троллинг
Троллинг (ағылш. trolling) — агрессия көрсету, жәбірлеу, сөгу немесе тіл тигізу арқылы көрініс табатын, желілік яки ғаламтордағы қарым-қатынас этикасының бұзылуымен ерекшеленетін виртуалды коммуникация түрі. Троллинг жасаушы "тролльдер" форум, чат, блог, жаңалықтар порталы немесе әлеуметтік желілерде арандатушылық пікірлер не болмаса комментарийлер арқылы шиеленіс тудырта отырып, өзіне көңіл аудартуды мақсат етеді.