Анықтауыш

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Анықтауыш болатын сөз таптары
● Сын есім
Ақ сары ат доп болып ішін тартқан.
● Зат есім
Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
● Сан есім
Жаңадан екі үй құрылып жатыр.
● Есімдік
Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті.
● Етістік
Оқыған кітаптарым мені іске бастады.
● Ілік септік жалғауы
Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.