Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Баяндауыш

Баяндауыш болатын сөз таптары:
● Етістік, есімше
Аяңшыл ат арымас.
● Зат есім, сын есім, сан есім және есімдік
Ердің сыншысы — елі.
● Үстеу
Киноға баруға уақыт тым кеш.
Дара баяндауыш
Дара баяндауыш — жеке бір сөзден болған баяндауыш. (Ол театрға барады).
Күрделі баяндауыш
Күрделі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды. (Мен өз Отанымды жақсы көремін).