Бастауыш

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Ол кім? не? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Бастауыш болатын сөз таптары
● Зат есімнен
Жел соға бастады.
● Есімдіктен
Мен дүкенге бардым.
● Сан есімнен
Он екiге бөлiнедi.
● Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады. Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.
● Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі.
Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.
Дара бастауыш
жеке бір сөзбен айтылған бастауыш. (Ол театрға барады)
Күрделі бастауыш
Eкі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды. (Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады).