Есімдік түрлері
Құрамына қарай:
Дара (Простое – один корень)
Мысалы: мен, сен, ол.
Күрделі (Сложное – несколько корней)
Мысалы: бірнеше, кейбіреу, қай-қайсысы.
Тұлғасына қарай:
Негізгі (Непроизводное – нет суффикса)
Мысалы: бұл, міне.
Туынды (Производное – есть суффикс)
Мысалы: біреу, мынау, барлық.
Мағынасына қарай:
Жіктеу (Личное)
Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз.
Сілтеу (Указательное)
Мысалы: бұл, сол, мынау, осы, міне, анау.
Сұрау (Вопросительное)
Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан?
Өздік (Возвратное)
Мысалы: өз, өзім, өзі.
Белгісіздік (Неопределенное)
Мысалы: кейбіреу, әлдеқайда, әлдеқандай, әрқалай.
Болымсыздық (Отрицательное)
Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқайда, ешқандай.
Жалпылау (Определительное)
Мысалы: бәрі, бүкіл, барлық, бүтін, түгел.