Одағай

Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жайғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жайғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.
● Мысалы: Ойпырмай, апырмай, апырай, бәрекелді, құлыным, шу жануар т/б