Одағай түрлері
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.
●
Көңіл-күйі одағайлары
шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туу, уһ, аһ, әй, еһе, әттеқ, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау т/б.
●
Жекіру одағайлары
жекіру тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә т/б.
●
Шақыру одағайлары
мал, ит-құсты шақыру, куумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс т/б.