Пысықтауыш

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен?
Оның түрлері
● Дара
Лезде ол қайта оралып от тамызды.
● Күрделі
Таң жаңа ғана сызылып атып келе жатыр екен.
● Үйірлі
Өзі жоқта Нұрыштың қақпанына оңай түсті