Шылау түрлері

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:
○ Септеуліктер (Послеслоги, являются аналогами предлогов)
○ Жалғаулықтар (Союзы)
○ Демеуліктер (Частицы)
● Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.
Септіктер мен септеуліктер (Падежи и послеслоги)
Атау септікті меңгеретін септеуліктер
  • Үшін
  • Сайын
  • Сияқты
  • Туралы
  • Арқылы
  • Бойы, бойымен
  • Шамалы, шақты, қаралы
  • Ғұрлы (ғұрлым)
Барыс септікті меңгеретін септеуліктер
  • Дейін (шейін)
  • Қарай, таман
  • Салым, тарта, жуық, таяу
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер
  • Гөрі
  • Бері
  • Кейін
  • Соң
  • Бұрын
  • Бетер
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер
  • Қатар
  • Бірге
  • Қоса

● Жалғаулықтар — сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады.
Жалғаулықтар түрлері
Ыңғайластық

Соединительные

  • Және
  • Әрі
  • Мен/бен/пен
  • Да/де, та/те
Талғаулықты

Разъяснительно-разделительные

  • Әлде
  • Біресе
  • Бірде
  • Не
  • Немесе
  • Я
  • Яки
  • Болмаса
  • Кейде
Қарсылықты

Противительные

  • Бірақ
  • Алайда
  • Дегенмен
  • Әйтпесе
  • Әйткенмен
  • Сонда да
Себеп-салдарлық

Причинно-следственные

  • Себебі
  • Өйткені
  • Сондықтан
Шарттық

Условные

  • Егер
  • Онда
Ұштастырғыш

Смыкающие

  • Ендеше
  • Демек
  • Яғни

● Демеуліктер

Демеуліктер өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.

Демеуліктер түрлері

Сұраулық

Вопросительные

  • Ма/ме, ба/бе, па/пе
Күшейткіш

Усилительные

  • Ау, ай, ақ
Нақтылық

Уточняющие

  • Ғой, қой
Шектік

Ограничивающие

  • Ғана, қана
  • Тек
Болымсыздық

Отрицательные

  • Түгіл
  • Тұрсын
  • Тұрмақ
Болжалдық

Приблизительные

  • Мыс/міс
  • Екеш