Сын есім түрлері
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді.
Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады.
Мысалы:
1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды.
2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар.
3. Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
Дара және күрделі сын есімдер
Дара сын есімдер - құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр т.б.
Күрделі сын есімдер - ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.