Бүйрек
Зәр шығару жүйесі зәрді сыртқа бөліп шығару қызметін атқарады.
Зәр шығару мүшелері:
оң және сол бүйрек
оң және сол несепағар түтіктер
қуық
зәр шығару өзегі
Бүйрек құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқалардың тұсында орналасқан жұп мүше. Бүйрек құрсақ қуысының артындағы байламдарға байланып тұрады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің ұзындығы-12 см, қалыңдығы-4 см, ені –6 см, салмағы 120 г, шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді.Ішкі артерия, жүйке кіретін, вена, капилляр тамырлары несепағар түтігі шығатын жағын бүйрек қақпасы деп атайды. Бүйрек заты екі бөліктен тұрады: 1.қыртыс заты, 2.милы (жұмсақ) заты. Қыртыс зат қызыл қоңыр түсті қалыңдыығы 4 мм болады. Бүйректің құрылымдық бірлігі-нефрондар осы қыртыс затты құрайды. Жұмсақ затында сүйір пішінді бүйрек пирамидалар орналасқан. Пирамидалардың түбі бүйректің беткі жағында, ұштары бүйрек қуысына бағытталған. Екі немесе бірнеше пирамиданың ұштары бірігіп емізіктер құрайды. Кіші тостағаншалар әрқайсысына 2-3 емізік тесіктері ашылатын құрылымдар. 2-3 кіші тостағаншаның бірігуінен үлкен тостағаншалар түзіледі. 2-3 үлкен тостағаншалардың бірігуінен бүйрек астаушасы түзіледі.
Бүйректің қызметі
Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек. Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады. Ағзаның ішкі ортасының құрамын реттейді. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды. Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.
Несепағар түтік бүйрек пен қуықты жалғайтын жұп мүше. Оның ұзындығы 30 см,ені 4-7 мм. Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады. Қуық зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Қуық бос кезде алмұрт пішінді зәрге қатты толғанда жұмыртқа тәрізденіп созылады. Қуықтың сыйымдылығы 750мл. Оның қабырғасы өте созылғыш. Бос кездегі қалыңдығы 15 мм, толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.
Бүйректегі ұлпалар:
Бүйректің қабаттары:
Капсула немесе фиброзды қабықша дәнекер ұлпасынан тұрады. Қыртысты қабатта көптеген капиллярлар бар. Милы қабат пен қыртысты қабат дәнекер ұлпасынан тұрады. Қуықтың қабаттары:
А) кілегейлі қабат
Б) кілегей асты қабаты
В) Бұлшық етті қабат
Г) сірқабаты
Бұлшық еттер 3 қабаттан түзіледі, Ішкі және сыртқы қабаты тік ортаңғысы сақиналы болып орналасады. Несепағардың қабаттары:
Оның қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ортаңғы қос қабатты бұлшық ет, ішкі сілемейлі, сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттар. Бұлшық еттің ұзына бойы қабаты қалталанып, әлсін -әлсін жиырылып, зәрді қуыққа айдап отырады.