Асқорыту аурулары. Гастрит
Асқазанның созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Сырқаттың туындау себептері - астан улану, ішек жұқпалары, тамақтану уақыты мен сапасы бұзылғанда, тамақты құрғақтай жеу, асығып шайнау, ұзақ дәрілер ішуден, басқа да ас қорыту ағзаларының зақымдануынан, өт жолының, бауырдың, ішектің асқазанға рефлекторлық әсерінен, ішек құрттары, ішек дисбактериозы пайда болады.
Созылмалы ауру белгілері
Iштің ауруы, ауырсыну, ұстама тәріздес эпигастрит тұста байқалады, лоқсу, өт аралас құсық, кекірік болуы мүмкін. Тері түсі бозғылттанады, көз асты көгереді, салмағы түсуі мүмкін. Үлкен дәреті бұзылып, іші қатады. Қолмен басып қарағанда іштің жоғарғы бөлігі ауырады, кіндік тұсы да ауырсынады. Нақтама қою үшін фиброгастродуоденоскопия жасатып, бауыр, өт жолдарын УЗИ, ішек құртына зерттеулері.
Емі - емдік тамақтану
Ащы, қышқыл дәмді, қақталған, ысталған тағамдарды, кока-кола секілді газдалған сусындарды ішіп-жеуге болмайды. Ботқалар, шырышты сорпалар, буға пісірілген котлеттер, қайнатылған ет, балық, көкөніс пен жемістердің езбелері, жеміс шырындары, сүзбе, омлет, айран беріледі. Тамақтан кейін таза ауада 30-40 минут серуендеу пайдалы. Балаларға қатты жүгіруге, секіруге, ауыр заттарды көтеруге болмайды. Ауыз, тіс тазалығын сақтау міндетті. Емдік дәрілер асқазанның секреторлық қызметінің жағдайына байланысты тағайындалады. Ауырған бала уақытында дәрігерге қаралып,кеңес алу қажет, жазылып кетеді.