Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.
Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.
Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия