Асқорыту аурулары. Гепатит

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді.
Белгілері
• Асқа тәбеті болмайды, і. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды
• Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
• Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
• Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
• Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
• Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл
Алдын алу
• Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.
• Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар.
• Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз.