Гиподинамия


Гиподинамия (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis — күш) — қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адамдар мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.
Гиподинамияның пайда болу себептері
— Кәсiби ерекшелiктерге байланысты бұлшық ет жұмысын шектеу;
— Рационалды емес күн тәртiбi;
— Ұзақ уақыт бойы организмнің дұрыс функционалдық жұмысын орындамауына байланысты (жарақат, ауру) төсек режимі.
Негізгі белгілері (симптом)
— Әлсіреу;
— Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;
— Қан қысымының жоғары болуы;
— Қажығыштығу, тiптi ептеген жүктемелерде;
— Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.
Гиподинамия мен гипокинезияның салдары
иммунитеттің төмендеуі, көрудің нашарлауы, остеохондроз, артық салмақ , геморрой, бұлшықеттің гипотрофиясы, туннель синдромы
Жазу үстіндегі дұрыс отыру

А, Б – дұрыс емес, В - дұрыс