Иммунитет
Коронавирустан қорғану немесе иммунитет көтеру үшін не істеу керек?
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.
Иммунитет – ағзаның кез-келген ауруға төтеп бере алу қабілеті организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Әрине, мұндай қасиет ағзаның тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра алатынына тікелей байланысты. Осындай өзара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп организмде қорғаныштық қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды құртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді. Иммунитет түзілудебүкіл организм қатысады, әрине мұнда басқарушы және бағыттаушы – орталық нерв жүйесі. Ауру қоздырушылар немесе вакциналар жүйке жүйесінің ұштары арқылы сарысу гаммаглобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсеретеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антиденелер бөледі. Осындайда жасуша ішінде кандай процестер орыналатыны жөнінде толық мәлімет жоқ. Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады. Сонымен бірге иммунитеттің организмде жақсы түзілуін тамақтың сапасының және оның құрамының нашарлығы, соның ішінде А және С дәрумендерінің, фосфор және кальций тұздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы күресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар, сарысуегут.б.) адамдарды толықбағалы, сапалы қоректік заттар-мен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы, иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мынадан көруге болады: табиғи немесе туа пайда болған иммунитет – адамдар және жануарлардың белгілі-бір түріне тән. Бұл тұқым қуалайды. Ал екіншісі, өмір сүру барысында пайда болатын жасанды иммунитет. Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше ұзақ болады. Әдетте табиғи иммунитет сәбиге ана сүті арқылы және кіндік тамыры арқылы қан мен беріледі. Ал кейбір ауруларға қарсытүзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталып қалады. Мысалы, адамдар шешек, оба мен бір рет ауырса, екінші рет онымен ауырмайды.
Коронавирустан қорғану немесе иммунитет көтеру үшін не істеу керек?
«Вирус адамға тыныс алу жолдары арқылы кіреді. Ағзадағы тыныс алу және газ алмасу қызметін өкпе жүзеге асырады. Сырқаттың ауыр болған жағдайларында олар өзінің қызметі мен қанды оттегімен қанықтыру қызметін жоғалтып, функционалдық және құрылымдық өзгерістерге шалдығады. Ауыр ентігу микро- немесе макротромбозға әкеледі. Сондықтан аурудың күрделі түрін емдеу пациенттің күйін, стационар жағдайында тексерудің мәліметтерін күн сайын, кейде тіпті сағат сайын бақылауды талап етеді. Өкпенің жұмысын қалпына келтіру үшін иммундық қабыну мен қанның қоюлануын емдеу қажет. Қалпына келтіру үшін емхана дәрігері немесе бейінді маманның бақылауымен дәрі препараттары тағайындалады» «Иммунитетті нығайту үшін дәрумендер мен минералдар қажет. Олардың жетіспеушілігін мультивитаминді кешендердің көмегімен толтыруға болады, бірақ табиғи түрде дәрумендер мен минералдар алған дұрыс. Сонымен қоса әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар мен шырындар да бар. Тамыр дәрі (женьщень) тұнбасы, лимон қосылған көк шәй, итмұрын шырыны өте пайдалы. Пайдаланардан бұрын нұсқауларын оқыңыз, ағзаңызға жақпай қалуы мүмкін, абзалы дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн»
Иммунитетті көтеру үшін ақуызы көп тағамдарға мән беру керек.«Оларға тауық, балық, ірі қара, соның ішінде жылқы еті жатады. Осылардың сорпасының құрамында ақуыз көп. Сол себепті бұл тағамдарды міндетті түрде ескерген маңызды. Сонымен қатар, түрлі жаңғақтарды алу керек. Иммунитетті көтеру үшін 30-40 пайызын ақуыздан құрасақ, қалған 50-60 пайызын көкөністер мен жеміс-жидектер арқылы қамтыған дұрыс болады. Жаз айларында алма, алмұрт, банан, құлпынай, қарақат, таңқурай, итмұрынды көбірек алған жөн. Бұлар табиғи өнім болғандықтан, С витаминінің көзі. Атап айтқанда, сұйықтықты көп ішкен абзал. Күніне 3-5 литрге дейін су, компот және морс ішуге болады. Ағзаға С витамині өте қажет».«Ең әуелі зиянды әдеттерден аулақ болу, дәруменге бай азық-түлікпен тамақтану, спортпен айналысу, ұйқы, стреске бой алдырмау және жақсы ой ойлау. Ағза бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті стресс, қорқыныш, үрей де иммунитетке кері әсер етеді, осыны ұмытпаған жөн. Негізінен адам ағзасында белгілі бір аурудан кейін антиденелер қалыптасып, екінші ауырған кезде күреседі. Кей вирус, инфекцияларға ағза төтеп бере алады. Адам желшешек, шешек сияқты аурулармен ауырса, иммунитет қалыптасып, екінші рет ауырмайды. Ал COVID-тың ерекшелігі - ағзада антидене қалыптаспауы мүмкін, ауырған науқастар қайта жұқтыруы ықтимал»
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ биология пәні мұғалімі педагог-сарапшы Шайтім.А.Қ