Ішектің жұқпалы аурулары

Ішектің жұқпалы аурулары
Аурудың жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, мазасыздану, бас ауруы, іштің кіндік аймағының уақ-уақ бүріп сырқаттануы. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән ерекшеліктері бар.
Сальмонеллез
Hәжіс-ауыз механизмі арқылы беріледі, тағам өнімдері, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс өнімдері (құс еті, жұмыртқа) арқылы берілу тән. Сальмонеллезде негізгі инфекция көзі - көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, қой, ит, мысық) және үй құстары, балық, тышқан, егеуқұйрықтар. Ал адам тек қосымша инфекция көзі болып есептеледі. Бұл ауру көбіне тез өрбитін жіті гастроэнтерит түрінде өтеді.
Дизентерия
Aмеба арқылы туындайтын инфекция.. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті. Дизентерияда инфекция көзі – жедел немесе ұзақ ауырған адамдар, аурудан жазылғандар немесе амебаны тасымалдаушылар. Қоздырғыш адам ағзасынан нәжіс арқылы бөлініп қоршаған ортаға түседі (топырақ, тұрмыстық заттар т.б)
Инфекцияның берілу факторлары
Лас қол, тағам өнімдері, су. Су негізінен топырақ арқылы ластанады, яғни инфицирленген нәжістің түсуі кезінде. Ал тағам өнімдері лас қол, шыбын арқылы ластанады. Инфекцияны тарату көзі ретінде шыбындардың алатын орны үлкен. Көбінесе тоқтау сулардан жұқтырылады.
Сақтану жолдары
Аурудың ең басты алдын алу жолы - жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Қайнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау және төменде көрсетілген қарапайым ережелердің орындалуының өзі–ауырмаудың басты кепілі.
- ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу - тек қайнатылған су ішу
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу
- ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен, арықтардан суды пайдаланбау
- дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау
- тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау
- үйдегі қоқысты уақытында шығару