Тамақтан улану
Тамақтан улану
Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер (мысалы, планктон), саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады. Алайда мұндай азықтың адам ағзасына түсуінен әрдайым ауру туындай бермейді. Кейбір адамдар оларға бекем болады, ал басқалары тез жұқтырып, қатты ауырады.
Тамақтан уланудың белгілері
Жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі болып саналады. Кейде бұл белгілер бір екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе, және ағзаның құрғағаны (ауыздың кебуі, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн.
Сақтандыру шаралары
- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуу, көкөністерменжемістердімұқият жуу;
- шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуу;
- тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің және балық өнімдерін жақсылап қуыру;
- ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмау;
- тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүру;
- буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болу;
- тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салу;
- шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтану.