Вирус

Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.
Вирустар қасиеті
1.Кіші, әрі тірі ағзалар. Жасушалық құрылымдары жоқ.
2.Тек тірі жасушаға ену арқылы тіршілігін жалғастыра алады. Көбісі ауру тудырушы болып табылады.
3.Құрылысы бойынша ДНҚ және РНҚ-дан тұрады. Іші липопротеинді, сырты ақуызды қабықпен қапталған.
4.Тірі мен өлі арасындағы ағза.
5.Әрбір вирус тек арнайыланған жасушаларды бұзады.
6.Вирустар көбейе алады, тұқымқуалаушы аппараты бар.
7.Өзгеруге бейім, жасуша қабығы жоқ. Зат және энергия айналымы жоқ.
8.Көлем бойынша өспейді.