Аддитивтілік

Аддитивтілік латынша аddіtіvus — қосылатын) — бүтін объектіні сипаттайтын шаманың мәні осы объектіні кез (келген әдіспен бөлшектеген кездегі жеке бөліктерді сипаттайтын шамалар мәндерінің қосындысына тең болатын қасиетті білдіретін ұғым. Мысалы, бүтін дененің көлемі оны құрайтын жеке бөліктер көлемдерінің қосындысына тең болса, ондай шама аддитивтілік көлем болады. Сондай-ақ мұндай шамаларға сызықтың ұзындығы, беттің ауданы, физиологиялық дененің массасы т.б. жатады.
Аддитив шамалары
Е жиынында анықталған және осы жиынының кез-келген x1 және х2 нүктелерінде f(x1+x2) =f(x1)+f(x2) теңдігін қанағаттандыратын сандық f(x) функциясы. Дененің көлемі, беттің ауданы, сызықтың ұзындығы, масса, салмақ мысалдары болады.