Амплитуда
Амплитуда (лат. amplіtudo — шама) — белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады. Гармониялық тербелісте амплитуда — тұрақты шама.
Амплитуда - географияда — метеорологиялық және гидрологиялық элементтер сипаттарының белгілі бір кезеңдегі ең көп және ең аз шамалары арасындағы айырма (мысалы, жылдық ағынның, тәуліктік қысым мен температураның ең көп және ең аз көрсеткіштерінің арасындағы айырмалар); тәуліктік, жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.
Синусоидалық тербелу.
y — толқын амплитудасы, λ — толқын ұзындығы.