Инерция
(лат.инерция - қозғалмау, әрекетсіздік)
Денеге басқа денелер әрекет етпегенде оның тыныштық күйін немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтау құбылысы инерция деп аталады. Мысалы бірде-бір дене өздігінен қозғалысқа келмейді және дененің жылдамдығы оған басқа дене әрекет еткенде өзгеретінін көрсетеді.
● Бөлмеде тұрған үстел өздігінен қозғалмайды.
● Жерде жатқан допты аяқпен тепсе ғана ол қозғалады.