Кернеу

1) механикалық – материал деформацияланған кезде пайда болатын ішкі күштер;
2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.
Кернеу бөлгіш
Кернеу бөлгіш — шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.
Кернеу күшейткіші
Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш.
Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді.
К= Uшығ/Uкір Логарифмдік есептеу бойынша Kдб = 201 gUшығ/Uкір= lg K Егер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады:
К = K1K2K3... Күшейткіштің схемаларын есептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді:
Кск = UH/Uист, мұндағы UH — күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.
Кернеу тұрақтандырғышы
Кернеу тұрақтандырғышы. Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.