Скаляр шама
Скаляр (лат. scalaris — баспалдақты) — әр мәні бір ғана (нақты) санмен өрнектеле алатын шама. Скаляр шама оңда, терісте бола алады. Скаляр шамаларға ұзындық, аудан, уақыт, масса, тығыздық, температураны, т.б. шамалар жатады. “Скаляр” терминін 1843 ж. У.Гамильтон (1805 — 1865) енгізген. “Скаляр” термині векторлық есептеулерде қолданылады.