Үдеу
Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.
Абсолют үдеу (Ускорение абсолютное) — күрделі қозғалыстағы материялық нүктенің абсолют жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама. Абсолют үдеу — орын ауыстыру, салыстырмалы және кориолис үдеулерінің геометриялық қосындысына тең.
Кориолис үдеуі (Ускорение кориолиса) — нүктенің салыстырмалы жылдамдығының, тасымалдау қозғалысының және тасымалдау жылдамдығының салыстырмалы қозғалысының әсерлерінен өзгеруін сипаттайды. Нүктенің кориолис үдеуі — бұрыштық жылдамдық пен тасымалдау қозғалысының жылдамдығының екі еселенген векторлық көбейтіндісіне тең.
Салыстырмалы үдеу (Ускорение относительное) — салыстырмалы қозғалыстағы нүктенің салыстырмалы жылдамдығының өзгеруін сипаттайды.
Салмақ күшінің үдеуі(Ускорение силы тяжести) — денеге әсер еткен салмақ күшінен туындайтын үдеу.
Тасымалдау үдеуі (Ускорение переносное) — тасымалдау қозғалысындағы нүктенің тасымалдау жылдамдығының өзгеруін сипаттайды.
Нүкте үдеуі - нүкте жылдамдығының өзгеру тездігін сипаттайтын және жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасына тең физикалық шама.
Жанама үдеу - нүкте үдеуін қүрайтын жанама аркылы траекторияға бағытталған.
Қалыпты үдеу- нүкте үдеуін құрайтын қалыпты аркылы траекторияға бағытталған.
Еркін түсу үдеуі - ауырлық күш кимылымен материапды нүктемен пайда болған үдеу.
Бұрыштық үдеу - аралык уакытқа бұрыштык жылдамдықтың өзгеру қатынасы өзгеріс болған уақыт аралығында.
Формуласы