Үйкеліс күші
Үйкеліс күші - дененің тіреу бетімен сырғанаған кезде әсер ететін күш; жанасатын денелердің сұйыктар немесе газдардың қабаттарынын салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайтын күш; электромагниттік күштер қатарына жатады. Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады.
Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады: Fүйк=μN
Ал дене қозғалып бара жатқанда сырғанау үйкелісі пайда болады :
Fсырғанау=μN
мұндағы, N - тіректің денеге әсер ететін реакция күші ; μ - үйкеліс коэффиценті. Дененің жылдамдығы артқан сайын сырғанау үйкелісі азая түседі. Үйкелістің пайдалы әрі зиянды жақтары бар. Машиналардың көптеген бөлшектері бірімен бірі әсерлескенде олардың арасындағы үйкеліс зиянды болып шығады. Оны азайту мақсатында бөлшектерді майлайды. Кей кездері үйкеліс коэффициентін азайту мақсатында, сырғанау үйкелісін подшибниктерде қолданып , тербеліс үйкелісімен алмастырады.
Үйкеліс күшінің шеткі шамасы
Үйкеліс коэффициенті мен (ƒ0) нормаль қысымның (N) көбейтіндісіне тең болады:
F
шет
= ƒ
0
*N
Сырғанау үйкеліс күші -
Tіреу беті реакциясының жанама құраушысы беттерінің жанасу нүктелерімен сырғанау мүмкіндігіне қарсы бағытталған шама.
Шайқалу үйкеліс күші -
Жазық немесе доғал бетте сырғанаусыз домалайтын шар тәрізді немесе цилиндр пішінді денелерге әсер ететін үйкеліс күші.
Тыныштық үйкеліс күші -
Толық емес үйкелістің максималь күші.
Үйкеліс күші - шананы кара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен немесе қар үстімен сүйреген ыңғайлы болатынын білесіңдер. Тетікбөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да киынға түседі . Жол бойымен келе жаткан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында конъки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жаткан доп та біраздан соң токтайтын болады.
Үйкеліс күші