Зат тығыздығы
Зат тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.
Заттың тығыздығын анықтау үшін міндетті түрде көлемдері 1 м
3
немесе 1 см
3
болатын денелерді жасаудың қажеттігі жоқ. Ол үшін алдымен тығыздығы анықталатын дененің массасы мен көлемін өлшеп алып, сонан соң массаны көлемге бөлсек болғаны. Сонда біз көлем бірлігіне сәйкес келетін массаны, яғни тығыздықты табамыз. Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның келеміне бөлу керек. Заттың тығыздығын - р, дененің массасын - m, оның көлемін - V әріптерімен белгіеді.